ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
 
Бүгін Түркістан қалалық мәслихат мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті.
Жиынға Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Алибеков қатысып және Түркістан қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Аманжол Мади төрағалық етіп, отырысты ашып, жүргізді.
Отырыста Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жарасов, Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Арман Оспан баяндама жасады.
Күн тәртібінде:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «инфрақұрылым және коммуникациялар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы, бөлімге қарасты барлық мекемелердің абаттандыру-көгалдандыру күтіп ұстау, тазалық және жылу мекемелерінің қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы есебі;
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «құрылыс» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2025 жылғы атқарылған құрылыс жұмысы және нысандардың сапасы және қаржысын игеру бойынша есебі.
Талқылау барысында депутаттар баяндамашыға нақты сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Мәжілісте айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар тиісті түрде пысықталып, алдағы уақытта жұмыс барысында ескерілетін болды.