ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Түркістан қалалық мәслихат мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті.
Жиынға Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Алибеков қатысып және Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев төрағалық етіп, отырысты ашып, жүргізді.
Отырыста Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадірболат Мұсағалиев және ішкі саясат бөлім басшысы Шохан Тоймахан баяндама жасады.
Күн тәртібінде:
• Түркістан қаласы әкімдігінің «мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
• Түркістан қаласы әкімдігінің «ішкі саясат» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылу жөнінде есебі мен жұмыстарының көрсеткіштерін ортаға салды.
Талқылау барысында депутаттар баяндамашыға нақты сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Мәжілісте айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар тиісті түрде пысықталып, алдағы уақытта жұмыс барысында ескерілетін болды.