ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

 Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті.

 Комиссия жұмысына қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп, отырысты ашып, жүргізді. Мәжіліске қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы және қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.

  Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселе ұсынылып қаралды

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 маусымдағы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» №3/15-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

2. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27/115-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейсенова Эльмира, Түркістан қаласы әкімдігінің Терроризмге қарсы іс-қимыл және мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Опаш Жасұлан сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Булегенов баяндама жасады.

 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар енгізілді.