МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғылықты жер мәселесі, денсаулық жағдайына байланысты көмек көрсету, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті сұрақтар бойынша өтініштерін білдірді.
Әрбір тұрғынның көтерген мәселесі жеке қаралып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
Қоғаммен ашық диалог орнату – халықтың сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам.