Түркістан қаласының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес, Түркістан қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Түркістан қаласының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 7-тармағына сәйкес қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 15 адам болып айқындалды. Оның ішінде 5 мүше мемлекеттік орган өкілдері қатарынан бекітіледі, 10 мүше азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) конкурстық негізде қалыптастырылады. Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Түркістан қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
Конкурсқа қатысу үшін:
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, №28, Түркістан қалалық мәслихаты, Түркістан қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына немесе электронды түрде a.ikramov@ontustik.gov.kz электрондық поштасына жолданады.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 8 шілдеден басталып 21 шілдеге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап 19.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 15:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Түркістан қалалық мәслихаты аппаратынан немесе 87471592526 ұялы телефоны бойынша Түркістан қалалық мәслихаты аппаратының бас маман-заңгері Икрамов Ануархан Курегеновичтен алуға болады.
Түркістан қаласының қоғамдық
кеңесін қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобының
басшысы К.Снабаев