Бүгін Жастар ресурстық орталығында аудандық білім бөлімінің «Әкелер мектебінің» ұйымдастыруымен «Әкелер күні» мерекесіне орай белгілі қаламгер, ақын, сатирик әрі сазгер Әкім Ысқақтың «Әкеммен сырласу» атты кітабының тұсаукесері мен әдеби-сазды кеші өтті.
Іс-шара барысында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізіліп, кейіннен автордың қатысуымен әдеби қойылым қойылды. Әкім Ысқақ өз сөзінде әке мен бала арасындағы рухани байланыстың маңыздылығына тоқталып, кітаптың жазылу тарихымен бөлісті. Кездесуде қатысушылар тарапынан жылы лебіздер айтылып, кітаптың терең мазмұнына қатысты пікірлер ортаға салынды.
Әдеби кештің құрметті қонағы ретінде қатысқан мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров құттықтау сөз сөйлеп, шығармашылық кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.
Нұрлан Хамзаұлы қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын Әкім Әбдіқайымұлына дәстүріміз бойынша шапан кигізіп, аудан жұртшылығы атынан ізгі тілегін білдіре келе, Құттықтау хатын табыстады.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі