Құрметті аудан тұрғындары!
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде кең көлемде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде барлық өңірлерде тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама шеңберінде өңіріміздегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері апта сайын сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға белсенді атсалысуда.
Алайда, бұл игі іске аудан тұрғындарының қатысу деңгейі төмен болып отырғанын атап өткен жөн. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту – әрбір азаматтың парызы.
Сәуір айынан бастап тұрақты өткізілген сенбіліктер аясында тазалықты сақтамаған азаматтарға қатысты 2025 жылдың өзінде 505-бап бойынша 81 хаттама толтырылып, 723 мың теңге, ал 434-2 бап бойынша 92 хаттама бойынша 535,8 мың теңге айыппұл салынып, оның 435 мың теңгесі өндірілді. Бұл – заң алдындағы жауапкершіліктің көрсеткіші ғана емес, тәртіп пен мәдениеттің де көрінісі.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген дана халқымыздың сөзіне сай, туған жердің тазалығына әрбіріміз бейжай қарамауымыз қажет. Қоқысты белгіленбеген орынға тастамау – біздің экологиялық мәдениетіміздің көрінісі. Өз үйіміздің ауласын, көшемізді, ауданымызды таза ұстау – ортақ міндетіміз.
Осы орайда, баршаңызды Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасына қолдау білдіріп, апта сайынғы сенбіліктерге белсенді қатысуға, көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытуға шақырамыз!
Бірге әрекет етіп, туған өлкемізді көркейтіп, жасыл желекке айналдырайық!
«Баршамыз бірігіп, өз ауламыздан бастап, ауданымыздың әрбір бұрышына қамқорлықпен қарап, «Таза Қазақстан» бастамасын нақты іспен қолдайық!»
Құрметпен, Төлеби аудандық мәслихат аппараты!