АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР /Кезекті кездесу Киелітас және Кемеқалған ауылдық округінде өтті/

АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР /Кезекті кездесу Киелітас және Кемеқалған ауылдық округінде өтті/
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға тартып, бұл бастаманың басты мақсаты – билік пен қоғам арасындағы ашық әрі тұрақты диалог орнату екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар бүгінде барлық деңгейде жүйелі түрде жүзеге асуда.
Халықпен тығыз қарым-қатынас орнату, жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдау мақсатында ұйымдастырылған кезекті кездесу Киелітас ауылдық округінде өтті.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаты Ділмұрат Омаров және округ тұрғындары қатысты.
Кездесулер бекітілген кестеге сәйкес, Кемеқалған ауылдық округінде жалғасын тапты.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындар қойған әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің бірде-бірі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі