АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР /Кезекті кездесу Бірінші Мамыр және Аққұм ауылдық округінде өтті/

АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР /Кезекті кездесу Бірінші Мамыр және Аққұм ауылдық округінде өтті/
Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Бірінші Мамыр және Аққұм ауылдық округтерінің халқымен кездесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Алдымен Бірінші Мамыр ауылдық клубында өткен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, мекеме және бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жиында Еркеғали Амантайұлы ауданда, соның ішінде аталмыш ауылдық округте жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы кеңінен баяндады. Өз сөзінде аудан басшысы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.
Мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдіріп, олардың шешілу жолдарын тілге тиек етті.
Аудан әкімінің халықпен кездесуі Аққұм ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан басшысы әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын, заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешімін табатынын және жеке бақылауында болатынын жеткізді.
 
©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі