Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Бердіғали Өмірәлі бастаған комиссия мүшелері Белес Рысбаев, Исағали Әшірбеков, Нұрдәулет Әжібаев, Мұхтар Бастықов Ленгір қаласы, 1-мөлтек ауданындағы Қапал батыр көшесінде салынып жатқан 5 қабатты көппәтерлі үйлердің құрылыс барысын көрді. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу, сантехника және электр желілерін тарту, сыртқы сайдингпен қаптау, шатыр жабу жұмыстары қызу жүргізілуде. Құрылыс алаңында 200-ге жуық жұмысшы еңбек етуде, олардың 30%-ы жергілікті тұрғындар.
Тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар үшін қуанышты күн алыс емес! Жаңа үйлер тек баспана ғана емес, Ленгір қаласының көркін арттырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосады.