Жиынды тұрақты комиссия төрағасы Т.Манкеев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:

Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтері туралы.

Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістердің орындалуы туралы.

Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы туралы.
Зерделеу қорытындысы бойынша:
Бірінші және екінші мәселелер алдағы өтетін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісінде, ал, үшінші мәселе сессиясының күн тәртібінде қаралатын болады.