КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ
Бүгін VIII шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті.
Мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаровтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында 12 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:
✅Аудандық бюджетке өзгерістер енгізу (экономика және қаржы бөлімі);
✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының құрамын бекіту;
✅Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту;
✅Терроризмге қарсы комиссия құрамына өзгерістер енгізу;
✅Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту;
✅Аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу;
✅Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі «Бәйшешек» көшесін ҰОС ардагері Көшербай Есболұлының атына өзгерту;
✅Ауылдық елді мекендерге келген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беру;
✅Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын бекіту;
✅Мәслихат аппаратының құрылымына өзгеріс енгізу;
✅Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу.
Сессияда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Қоғамдық кеңестің алдыңғы құрамына ауданның қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол Қоғамдық кеңесті қалыптастыру процесінің ашық әрі әділ өткенін, барлық талаптардың сақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Кеңестің негізгі міндеті – билік пен халық арасындағы көпір болу екенін айтып, жаңа құрамнан белсенді жұмыс күтетінін жеткізді.
Сессия соңында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін айтып, халық қалаулыларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жергілікті атқарушы және өкілді билік – халықтың қос тірегі. Сондықтан олар тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі керек» деген сөзін келтіре отырып, ауданның өркендеуі үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.