Бүгін Ленгір қаласындағы көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж азаматтарға және жетімдер санатындағы жандарға 120 пәтерлі екі үй ел игілігіне берілді. Жаңа үйлердің салынуы қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға ыңғайлы, заманауи өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары, атқарушы билік өкілдері, ардагерлер, қала және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі қоныс той иелерінің шаңырағына шаттық, бақ-береке тілей отырып, пәтер кілттері мен тұрмыстық техниканың серитификатын табыстады.
Бұл қуанышты сәт қала тұрғындарына жаңа өмірдің есігін ашып, болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Әрбір жаңа үй отбасыңыздың бақытты болашағының негізі болсын!

Төлеби аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі