⚜️ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ ⚜️

⚜️ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ ⚜️
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Төлеби ауданында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және халқымыздың рухани құндылықтарының көрінісі. Осыдан 34 жыл бұрын бекітілген Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз бүгінгі таңда Қазақстанның әлем алдындағы беделі мен егемендігінің айқын белгісіне айналды.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары, аудан басшылары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі