♟️ «SENAT OPEN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

♟️ «SENAT OPEN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ
Тараз қаласында өткен шахматтан «Senat Open» ІІІ ашық кубогының «Оңтүстік аймақ» жартылай финалы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз жеңімпаздарын анықтады.
Тартысқа толы додада Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының үздік шахматшылары бақ сынады.
Аталған жарыста Түркістан облысының құрамасы сапында Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Сәкен Маженов пен аудан ардагері Әбілқасым Ерімбетов өнер көрсетіп, команданың табысты нәтижеге қол жеткізуіне үлес қосты.
Нәтижесінде Түркістан облысының командасы жоғары дайындық пен шеберлік танытып, жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді.
Бұл жетістік – өңір шахматшыларының жүйелі дайындығы мен зияткерлік спортқа деген қызығушылығының айқын көрінісі.
Жүлдегерлерді лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!✨
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі