Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Манкеев ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдау, ауылдық елді мекендердегі мамандарды ынталандыру және сайлау комиссиялары құрамына қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, депутаттар әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру мәселесі қаралды. Бұл шара ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Сессия барысында аудандық мәслихаттың бұған дейін қабылданған сайлау комиссияларын құру туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері де күн тәртібіне шығарылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Айта кетейік, сессияда қаралған барлық мәселелер алдын ала біріккен тұрақты комиссия отырысында талқыланып, сессия қарауына ұсынылды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі