КИЕЛІТАСТА ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

КИЕЛІТАСТА ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Ауылдың бүгінгі тынысы мен ертеңгі келешегі ең алдымен тұрғындардың пікірінен бастау алады. Осы мақсаттағы ашық кездесулер елді мекеннің нақты қажеттіліктерін айқындап, ортақ мәселелердің шешімін бірге іздеуге жол ашады. Осындай мазмұнды басқосу бұл жолы Киелітас ауылдық округінде өтті.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындармен жүздесіп, округтегі инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар, ауыз су, жарықтандыру, жол және абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын жеткізді. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен мәслихат депутаты Дилмұрат Омаров қатысып, халық ұсыныстарын бірге тыңдады.
Тұрғындар қоғамдық аялдамаларды жаңарту, аяқжол құрылысын аяқтау, электр бағаналарын ауыстыру, су тапшылығын шешу, жер телімдері мен жолдарды кеңейтуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, ұсыныс-пікірлердің кезең-кезеңімен орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі