ТҰРҒЫНДАР ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН КЕЗДЕСУ

ТҰРҒЫНДАР ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН КЕЗДЕСУ
Бүгін Бірінші Мамыр ауылдық округінде аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізді.
Басқосуға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары Исағали Аширбеков пен Нұрдаулет Аширбеков қатысып, елді мекендердің бүгінгі ахуалы мен алдағы даму бағыттарын тұрғындармен бірге талқылады.
Кездесу барысында округтегі инфрақұрылымды жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауыз су сапасын тұрақтандыру, электр желілері мен бағаналарын жаңарту, жол қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ білім мен мәдениет нысандарына қатысты өзекті мәселелер сөз болды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштер мұқият тыңдалып, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.
Мұндай ашық кездесулер халық пен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, ауылдың өзекті мәселелерін уақытылы шешуге мүмкіндік береді. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, әрбір мәселе бақылауда болатынын атап өтті.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі