Бүгін Қайнар ауылдық клубында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Алатау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен депутат Талғат Манкеев қатысты.
Кездесу кезінде тұрғындар ауыз су, жайылым жер, елді мекендердің аумағын кеңейту және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Барлық ұсыныстар назарға алынып, жауапты сала басшыларына міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар жиында 2026 жылға жоспарланған жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды жаңарту, ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобалар сөз болды.
Мұндай кездесулер жергілікті мәселелерді дер кезінде шешуге және тұрғындармен ашық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі