Кез келген кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдап, өзекті мәселелерді бірге талқылау. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде ауылдық округ әкімдерінің халықпен жоспарлы кездесулері жалғасуда.
Осы кездесулерге өздері сайланған округтер бойынша мәслихат депутаттары да қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірлерге назар аударды.
Кездесулер барысында инфрақұрылым, жол, ауыз су, жарықтандыру, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты маңызды сұрақтар кеңінен талқыланды.
Мұндай ашық диалог алаңдары тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтып, мәселелерді уақытылы шешуге мүмкіндік береді.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі