Бүгін Жастар ресурстық орталығында ерекше марапаттау рәсімі өтті.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметіне белсенді қатысқан мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.
Бұл марапат – депутаттардың елдік маңызы бар бастамаларға қолдау білдіріп, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсенді атсалысқан еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына толағай табыс тілейміз!

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі