КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ
Бүгін VIII шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етті.
Күн тәртібінде Ленгір қаласына қатысты маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, бұған дейін қабылданған орталық көшеге атау беру туралы шешімнің күшін жою және №2, №3 мөлтек аудандарындағы орталық көшеге атау беру мәселелері талқыланды.
Сессия барысында аталған көшеге «Зетбек Ташев» есімін беру туралы мәселесі тұрақты комиссиялардың қорытындысымен мен депутаттардың пікірлері ескеріліп, дауыс беру нәтижесінде бұл ұсыныс көпшілік дауыспен қолдау таппады.
Сессия жұмысы барысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі