Төлеби ауданында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.

Төлеби ауданында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.
Аудан орталығында өткен «Наурыз - көктем, жыл басы» атты мерекелік шарада этномәдени бірлестіктер қатысып, концерттік бағдарламалар мен ұлттық қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылды. Өнерпаздар әсем ән шырқап, би билеп, жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шараға аудан депутаттары, басшылар және мекеме жетекшілері қатысып, елмен бірге Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар өтті. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекенің шырайын аша түсті.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров тұсаукесер рәсіміне қатысып, көпшілікпен бірге мерекелік қуанышқа ортақтасты.
 
©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі