ҰЛТТЫҚ КИІМ САЛТАНАТЫ

ҰЛТТЫҚ КИІМ САЛТАНАТЫ
18 наурыз Ұлттық киім күні. Наурызнама онкүндігі жалғасқан бұл мезетте ұлттық киім халықтың болмысын танытатын айрықша белгі ретінде тағы бір мәрте айқын көрінді.
Ұлттық киім тек әсемдік емес, ол ұлттың тарихы мен танымынан сыр шертетін терең мазмұн. Әрбір ою мен өрнекте ұрпақтың ізі, халықтың жаны бар.
Бұл күні аудандық әкімдік аппараты мен мәслихат аппаратының қызметкерлері ұлттық киім киіп, ортақ рухты, жарасымды үйлесімді және дәстүрге деген құрметті айқын көрсетті.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров барша тұрғындарды Ұлттық киім күнімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды қадірлеудің маңызын атап өтті.
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі