ІЗЕТ ПЕН ҚҰРМЕТТІҢ КӨРІНІСІ ✨

ІЗЕТ ПЕН ҚҰРМЕТТІҢ КӨРІНІСІ ✨
Наурызнама онкүндігі – халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын дәріптейтін ерекше кезең. Оның алғашқы күндерінің бірі – 14 наурыз Көрісу күні, адамдардың бір-біріне амандық тілеп, құрмет көрсететін ізгі дәстүрімен ерекшеленеді.
Бұл күн өткенмен, оның мәні мен тағылымы жалғасын табуда. Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаровқа ұлттық киім киген ауданымыздың ақ жаулықты аналары арнайы келіп, ізет білдіріп, ақ баталарын берді.
Аналардың шынайы тілегі мен ақ батасы – елге береке, ұрпаққа өнеге. Осындай кездесулер арқылы ұлттық дәстүріміздің қадірі артып, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттер дәріптеле түседі.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі