Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан  халқының назарына!

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2026 жылы 27 наурыз күні сағат 11.00 де  өтеді.

          Кезектен тыс сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

  1. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі  №25/148-VІІІ    «Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  2. Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру туралы.                                                         
  3. Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылдың 27 наурыз күні сағат 10:00-де өткізіледі.

       Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы    5-95-63, 5-95-61  хабарласуға болады.  

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                         Н.Қойбағаров