Көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық мәжіліс залында ерекше әсерлі кездесу өтті.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров аудандық аппарат пен мәслихат аппаратында қызмет атқаратын аяулы аналар мен ару қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Жиында нәзік жандылардың қоғам өміріндегі еңбегі мен жауапты қызметі жоғары бағаланып, гүл шоқтары табысталды.
Ізгі тілектер мен шынайы құрметке толы бұл кездесу барша қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі