ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ФОРУМ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ФОРУМ
Бүгін жастар орталығында «Отбасы – бақыт мекені» атты мазмұнды форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова, аудан прокурорының орынбасары Олжас Марин, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар, ауданымыздағы отбасылардың әлеуетін нығайтуға үлес қосып жүрген "Әжелер", "Аналар" кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, пробация қызметкерлері қатысып, отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.
Форум барысында отбасының қоғам тұрақтылығындағы рөлі, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, келелі ұсыныстарын білдірді.
Жиында Нұрлан Хамзаұлы сөз сөйлеп, отбасының берекесі мен бірлігі – ел болашағының негізі екенін ерекше атап өтті. Шара соңында ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудандық мәслихаттың Алғыс хаты табысталды.
Форум аясында қатысушыларға арналып шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем әндер шырқалып, ұлттық нақыштағы өнер көрсетіліп, кештің мазмұнын аша түсті.
Жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі