Кезектен тыс сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылды:
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIII «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64-VIII «Төлеби ауданында бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күшін жою туралы.
3. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
4. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 04 маусымдағы №26/151-VIII «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIII «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. «Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру туралы».
Күн тәртібіндегі тоғыз мәселе біріккен тұрақты комиссиялардың отырысында алдын ала талқыланған. Осыған байланысты, жан-жақты сараланған және пысықталған мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан дауыс беріп, тиісті шешімдер қабылдады.