«AMANAT» партиясы аудандық филиалы бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров пен аудандық мәслихат төрағасы жұмыс кездесуін өткізіп, депутаттардың халық алдында берген есептері мен атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша пікір алмасты.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған жеке мәселелерін көтеріп, нақты сұрақтар қойды. Әрбір өтініш пен ұсыныс тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі