БІРГЕ КӨГЕРГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ

БІРГЕ КӨГЕРГЕН МЕКТЕП АУЛАСЫ
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Достық ауылындағы «Келешек жайлы мектеп» жобасы аясында құрылған №10 жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Мекеменің техникалық қызметкерлерімен кездесіп, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, аулаға ағаш отырғызу ісіне де өзі атсалысып, үлгі көрсетті. 🌳
Осы игі іс арқылы мектеп ұжымына және оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын ұғындырып, таза әрі көрікті орта қалыптастыруға үлес қосты.
 
©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі