ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тұрғындармен кездесуі Зертас ауылдық округінде жалғасты.
Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Сейданов қатысып, тұрғындардың өтініш-пікірлерін тыңдады.
Ауыл тұрғындары спорт кешенінің құрылысын жүргізу, ауыз су тарифін реттеу, инфрақұрылым тарту, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және балалар ойын алаңшасын орнату жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелер назарға алынып, депутат тарапынан тиісті ұсыныстар айтылды.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі