ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАТЫЛДЫ

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАРҚАТЫЛДЫ
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тұрғындармен кездесулері мен жеке қабылдаулары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы аудан әкімі Қаратөбе ауылдық округінің халқымен жүздесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар ауыз су жүйесін жақсарту, ауылда шағын кәсіпорын ашу, сауда нүктелерін көбейту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ жер мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Әрбір айтылған өтініш пен ұсыныс бойынша нақты шешу жолдары қарастырылып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, тұрғындардың көтерген мәселелерін назарға алды.
Кездесуден кейін Еркеғали Амантайұлы және Нұрлан Хамзаұлы азаматтарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдап, бақылауға алынған мәселелер бойынша жұмыстардың орындалуын жеке қадағалауға алатынын атап өтті.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі