Бүгін аудандық "Төлеби туы" газетінің 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиын арнайы бағдарламамен ұйымдастырылып, көрермен көңілінен шығып, есте қаларлық сәттерге толы болды.
Іс-шараға аудандық журналистиканың алғашқы баспалдағы осы басылымнан басталған, бүгінде облыстық мәслихат депутаты атанған Ғалымжан Елшібай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары, ардагер журналистер және аудан тұрғындары қатысты.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров газеттің ұжымын және бас редактор Рахманқұлов Әбдімәлік Түймебекұлын төл мерекемен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Салтанатты кеш аясында басылымның дамуына сүбелі үлес қосқан қалам иелері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және аудандық мәслихаттың Грамоталарымен марапатталды.
Ал ең жоғары марапат — "Қазақстанның Құрметті журналисі" төсбелгісі осы газетке саналы ғұмырын арнап келе жатқан ардагер журналист Орынбасар Сүттібаевқа табысталды. Сонымен қатар, ұжым жетекшісі Әбдімәлік Рахманқұлов пен бөлім меңгерушісі Ақжан Иманәлиева Қазақстан Журналистер Одағының "Құрмет грамотасына" ие болды.
Бұл мерекелік сәт — ел шежіресін жазып, халықтың үнін жеткізіп келе жатқан "Төлеби туы" газетінің тарихына алтын әріппен жазылды.
Ақпарат — аманат. Қалам — халықтың үні.
© Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз