ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін ауданымызда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы "Отбасын қолдау орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен алғаш рет ресми түрде "Әкелер күніне" орай аудандық ардагерлер үйінде мазмұнды да мағыналы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейтхан Ақтаев және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан Мырзалы қатысты.
Алғаш болып сөз алған мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, бұл мерекенің маңызына тоқталып, отбасы құндылықтарын дәріптеуде, әкенің бала тәрбиесі мен қоғамдағы рөлін қайта бағамдауда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын барысында ардагерлер, қоғам белсенділері және сала мамандары әке тәрбиесінің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мен ер азаматтардың жауапкершілігін арттыру секілді өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
 
©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі