ДЕПУТАТ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ДЕПУТАТ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қаратөбе елді мекенінде «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында білім саласының ардагерлеріне арналған игілікті шара өтті.
Іс-шара Қаратөбе жалпы орта мектебінде ұйымдастырылып, онда ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаты Нұрман Ералиев қатысып, ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, аудандық мәслихаттың грамоталарын және естелік сыйлықтарды табыс етті.
Ардагерлерге көрсетілген құрмет – жас ұрпаққа үлгі, ал еңбегімен елге қызмет еткен азаматтарды ұлықтау – қоғамның парызы.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі.