Түркістан қаласында "Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері" тақырыбындағы
семинар барысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жергілікті бюджеттерді басқарудағы рөлі талқыланды.
Атап айтқанда, облыстық, аудандық және төртінші деңгейдегі бюджеттердің қалыптасуы мен ерекшеліктері жайында сөз болды.
Сонымен қатар, жергілікті, оның ішінде төртінші деңгейдегі бюджетті орталықсыздандыру мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының тиімділігін арттыру бағытындағы тәжірибелік тәсілдер ұсынылды.