ӘКЕ ҰЛАҒАТЫ

ӘКЕ ҰЛАҒАТЫ
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор әдеби-сазды кеш өтті. "Әкелер мектебі" жобасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада белгілі қаламгер, публицист, қоғам қайраткері, ақын әрі сазгер Әкім Ысқақтың "Әкемен сырласу" атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кеш барысында жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, Момынай орта мектебі оқушыларының қатысуымен әсерлі әдеби қойылым қойылды. Сондай-ақ, білім саласының қызметкерлері қаламгердің әндерін орындап, жырларын оқып, өнерлерін ортаға салды.
Өз сөзінде Әкім Әбдіқайымұлы әке мен бала арасындағы рухани байланыстың мән-маңызына терең тоқталып, бұл шығарманың жазылу тарихымен бөлісті.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде менімен бірге жерлесіміз, ғылым докторы Досмұрат Айтқұлов, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай қатысып, пікірлесіп, авторға жүрекжарды лебіздерімізді білдірдік.
"Әкемен сырласу"- ұлттың ар-намысы мен рухани сабақтастығын терең толғайтын, әр оқырманға ой салатын ерекше шығарма. Бұл - тек естелік емес, жүрек пен сана арасындағы үнсіз диалогтың көркем шежіресі.
Мен аудан халқы атынан қаламгерге шапан жауып, құттықтау хатты салтанатты түрде табыстай отырып, шығармашылығына шабыт, қаламына қуат тіледім.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясының кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және отандық баспагерлер мен авторларды қолдауға бағытталған "КІТАП - AMANAT" бағдарламасы бұл кештің рухымен үндесіп жатқанын атап өттім.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудандық білім бөлімінің басшысы, профессор Бегайдар Тойлыбаевқа және білім саласының қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін.
#ТөлебиМәслихат
#ТөлебиБілімБөлімі
#ТөлебиAmanat
#КітапAmanat
#ӘкелерМектебі
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров