БІРЛІК ПЕН ЖЕҢІС РУХЫНДА БАСТАЛДЫ

БІРЛІК ПЕН ЖЕҢІС РУХЫНДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Төлеби спорт клубының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы ашық турнир бастау алды.
Бұл дүбірлі додаға Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы және Түркістан облысының көптеген аудандарынан мыңға жуық жас спортшы жиналды.
Төрт облыс және бір қаладан келген 2010-2011, 2013-2014, 2015-2016 жылы туған ер балалар және 2010-2012 жылы туған қыздар бозкілемде белдесіп, екі күндік жарыста өзара мықтыны анықтайтын болады.
Бұл тек спорттық жарыс емес, рух пен жігер, тәрбие мен тәлім ұштасқан үлкен рухани іс-шара. Мұндай бәсекелер жас ұрпақты ерлікке, табандылыққа баулып, елдік рухты қалыптастырады.
Бозкілемде белдесіп жатқан әр баланың жүрегінде жеңіске деген сенім, бойында қайсар рух бар . Ашық біріншілікті ашу барысында жеңіс - тек мәре емес, жігер мен тәртіптің жемісі – деген лебізіммен сәттілік тіледім.
Турнирді ұйымдастырушылар мен бапкерлерге алғыс білдірдім.
#ТөлебиМәслихат
#ТөлебиСпортКлубы #Дзюдо2025 #ЖасПалуандар #ЖарысЖәнеРуханият
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров