Әріптестерім мәслихат төрағаларымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына қатысып отырмыз.
Пленарлық мәжіліске модераторлықты ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Жақып Қажыманұлы Асанов жүргізсе, жиынды Сенат Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшимбаев ашты.
Отырыста мәслихаттардың рөлін күшейту, орталық және жергілікті өкілді органдар арасындағы байланыс, өңірлік мәселелерді тиімді шешудің жолдары талқылануда. Өзара тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге мүмкіндік берген мазмұнды кездесу болуда.