Құрметті де, қадірменді аудан тұрғындары мен аудан қонақтары!
Сіздерді тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі, ата заңымыздың көрінісі 30 тамыз - Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді
Егеменді еліміздің Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, әр тарауы тарих беттерінде алтын әріптермен қалды.. Бүгінгі күнге дейін тарих беттерін қарасаң, заңы мен бейбітшілігін сақтай алмаған ел тарих сахнасынан өз есімдерін жойды. Ал біздің еліміз өз ата заңын сақтай отыра осындай кең байтақ мекенде ұлттар пен ұлыстардың татулығы мен құқығын тең сақтап отыр.
Қазақстан Республикасының ең жоғарғы заң күші бар құжат ретінде бүкіл халықтың атынан қабылданған конституцияның «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп басталуы тегін емес.
Түпкі мақсатымыз тәуелсіздікті баянды ету, Қазақтың ұлы мемлекет болып өркендеуіне жол ашу.
Қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларының түрлі жетістікке жетіп, өз армандарына қол жеткізіп жатырғанына Сіз бен Біз куәміз. Еліміздің бүгіні мен ертеңі ата заңымызды сақтап, қастерлеп, Қазақстан Республикасына адал қызмет етеді деп сенеміз.
Сіздерді тағы да осы Конституция күнімен құттықтай отырып, Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетейік.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Қымбатты жерлестер! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Темір аудандық мәслихатының төрағасы Б.Шаимов