
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары М.Орынбасар, бөлім, мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері Zoom платформасы арқылы қашықтықтан қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес сессия отырысында Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына орай Темір ауданы бойынша мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы және аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелерге байланысты аудандық мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, тиісті шешімдерін қабылдады.