АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVI СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVI СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

3 наурыз күні аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVI сессия отырысы өтті.

Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібіне сәйкес қала, ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу, аудан әкімінің ұсыныстары негізінде аудандық комиссиялар құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты аудандық мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, тиісті шешімдерін қабылдауға қолдау білдірді.

Сессия төрағасы Б.Шаимов қала және округ әкімдеріне өзгеріс енгізіліп жатқан бюджеттеріне байланысты қаржыны тиімді әрі мақсатты игеруді ұсынды.