КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Темір аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аграрлық, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Р.Құдайбергенов, аудандық бөлім, мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Темір ауданы бойынша су тасқының алдын алу шаралары туралы мәселе қаралды. Аталған мәселеге қатысты Темір аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С.Калменов пен Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытовтың баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып талқыланды.

Жиын соңында тұрақты комиссия төрағасы Ә.Көшербаев пен комиссия мүшелері көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында округ әкімдері мен мекеме басшыларына жұмыс барысын ұйымдастыруда назарға алу үшін бірнеше ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар комиссия мүшелері қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстардың нәтижесі тралы есебін тыңдауды ұйымдастыру үшін тұрақты комиссия төрағасына ұсыныс білдірді.