
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессия отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты. Кезекті сессияның күн тәртібінде ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы N 853 бұйрығына сәйкес Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы констультациялық-кеңесші органның мәслихат алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есебі, Темір аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы N 388 "2026-2028 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және өзге де мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тиісті шешімдер қабылдады.