Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика кәсіпкерлік, құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, Темір аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 388 «2026–2028 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе талқыланды. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді қарап, тиісті бөлім басшысының баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, «Жасыл желек» бағдарламасы аясында бекітілген дендрожоспардың орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Отырысты қорытындылаған тұрақты комиссия төрағасы барлық жауапты басшыларға елді мекендерді көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.