КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

10 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өткізілді. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі А.Жақсылықов, аудан әкімінің орынбасары М.Орынбасар , бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық бюджетке өзгеріс енгізу, депутаттық сауалдар және аудандық комиссия құрамына өзгеріс енгізу қаралды.
Сессия соңында аудандық мәслихат депутаттары сессияда қозғалған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтып, күтілетін нәтиже халық игілігіне жұмсалатындай болуы керектігі жөнінде ескертті.