
10.07, аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлік, құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы баяндама тыңдалды.
Тұрақты комиссия отырысы барысында аудандық мәслихат депутаттары баяндамашыға өз тараптарынан туындаған сұрақтарды қойып, өз ұсыныстарын айтты. Аудандық мәслихат депутаттары өз сайлау округтері бойынша жасалуы керек және халықпен кездесулерде сайлаушылар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді көтерді.