2023 жылғы 18 мамырда аудандық мәслихат төрағасы С. М. Бекшенов Тайынша аудандық кітапханасының оқу залында өткен «Ақкен» өлеңдер жинағының тұсаукесеріне қатысты. Кітаптың авторы Тайынша қаласының тұрғыны боронбаева Қонысқұл Жалғасқызы болды.
Қ. Боранбаева өзінің өмірбаяны, шығармашылық жолы және «Ақкен» жинағы туралы айтып берді.
С. Бекшенов авторды еңбегі, өлеңдер жинағы үшін құттықтап, алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және одан әрі шығармашылық жетістіктер тіледі.
Аудандық мәслихат