Қоғам белсенділері аудандық мәслихаттың 32-сессиясына қатысты

Қоғам белсенділері аудандық мәслихаттың 32-сессиясына қатысты

2026 жылғы 28 мамырда Тайынша аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Звольский, кеңес мүшелері Б.Тебоев, Б.Галицкий, А.Жакенова, И.Боков, М.Хамзин аудан әкімі Б.Әлжановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 32-сессиясына қатысты.

С. Бекшеновтің төрағалығымен өткен отырыста депутаттар мен қоғам белсенділері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды.

Негізгі шешімдер:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.
  2. 2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының бюджетінің нақты орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының есебі.

Қарастырылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.